Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік иммундау апталығына орай М.Өтемісов атындағы орта мектебі мен №35 Х.Ерғалиев атындағы орта мектебі оқушылары арасында өткізілген «Вакцинациялау-салауатты болашақ!» атты спорттық шарада М.Өтемісов атындағы орта мектебінің «Жалын» тобы жүлделі І орынға ие болды.
